Түркістан облысының 7 жылдығына орай жаһан жұртының назарын аударған халықаралық «Voice of Turan – 2025» қазақ әндері фестивалі өтеді.
Бұл жоба биыл тың форматта, ашық аспан астында алтыншы рет жалауын көтереді. Ән додасына әлемнің 17 елінен келетін кәсіби әншілер екі күн бойы қазақ әндерін әуелете шырқайды. Олардың өнерін еліміздің танымал өнер шеберлері бағалайды.