Бүгін, 3 маусым күні сағат 20:00 шамасында 35 киловольттық Л-42 әуе желісінің сымының үзілуіне байланысты Яссы тұрғын алабында электр қуаты уақытша өшірілді.
Қазіргі уақытта жауапты мамандар тарапынан тиісті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ақау толықтай жойылғаннан кейін электр энергиясы кезең-кезеңімен қайта қосылатын болады.
Уақытша туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.