Жауап:
2022 жылдың 1 наурызынан бастап электрондық үкімет порталында (egov.kz) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекке қою қызметі іске қосылды. Осы қызмет арқылы жер кезегіне тұру электрондық түрде жүргізіліп келеді.
Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 44-1 бабының 8 тармағында «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады.
Сонымен қатар, қолданыстағы заңдарға сәйкес жер телімін игеру «инженерлік (коммуналдық) инфрақұрылыммен қамтамасыз еткен жерден кезектілік тізіміне сәйкес табысталатынын хабарлаймын.