2025 жылғы 26 қазанда өткен Түркістан қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 26 қазанда өткен Түркістан қалалық мәслихатының

шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

 

2025 жылғы 26 қазандағы №2 сайлау округі бойынша сайланған Түркістан қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне 8 287 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 4 287 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 36 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 2.

№2 сайлау округі бойынша Түркістан қалалық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Абдираманов Абдраман Бакбергеновичке сайлаушылардың 1 177 дауысы берілді;

Кокенов Ербол Нуралиевичке сайлаушылардың 2 697 дауысы берілді;

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 395.

Сайлау қорытындысымен №2 сайлау округі бойынша Түркістан қалалық мәслихатының депутаты болып:

1989 жылы туылған,  "KEN GROUP KZ" ЖШС -нің директоры. Кокенов Ербол Нуралиевич сайланды, Түркістан қаласының тұрғыны, ұлты қазақ, «Amanat» партиясының мүшесі, «Amanat» партиясынан ұсынылған.

 

Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
28 октября 2025