Шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Түркістан облысы, Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Түркістан облысы, Түркістан қаласы №2 сайлау округі бойынша шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалсын.
2.Шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3.Осы қаулы Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын және қалалық «Түркістан» газетінде жариялансын.
Төраға К.Бердикулов
Хатшы А.Кеншимбаев
Түркістан қаласы,
2025 жылғы 27 тамыз
№1