Хабарландыру

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Түркістан АЭЖ КС 35/10 кВ «Шой» қосалқы станциясынан шығатын әуе желісінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты ертең, 21 қараша күні сағат 10:00–18:00 аралығында бірқатар шағынаудандарда электр энергиясы уақытша ажыратылады.
Электр жарығы төмендегі көшелерде өшіріледі:
Мұсаев, Рахимов, Оразбаев, Тұтқабаев, Рысқұлбеков, М.Әбенов, Төлегенов, Баялиев және басқа да осы аумақтағы көшелер.
Аталған аумақта орналасқан тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, білім беру мекемелері мен кәсіпкерлік объектілер де уақытша жарық өшіріледі.
Уақытша қолайсыздықтар үшін түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Дата публикации
19 июня 2026