ХАБАРЛАНДЫРУ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕ КІРУ БИЛЕТТЕРІНІҢ ЖАҢА БАҒАЛАРЫ БЕКІТІЛДІ

2026 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің №242-нқ бұйрығымен бекітілген бағалар тізбесіне сәйкес, 2026 жылғы 10 маусымнан бастап Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аймағына, Ясауи музейі мен Сирек жәдігерлер залына кіру билеттерінің құны өзгертілді.
Атап айтқанда:
🔹 алыс шетел азаматтары үшін – 5000 теңге;
🔹 жақын шетел (ТМД) азаматтары үшін – 2000 теңге.
Қазақстан Республикасы азаматтары үшін билет құны бұрынғы деңгейде сақталады:
▪️ ересектер үшін – 1000 теңге;
▪️ студенттер мен зейнеткерлер үшін – 500 теңге;
▪️ мектеп оқушылары үшін – 300 теңге.
Сонымен қатар, қазіргі демалыс кезеңінде мектеп оқушыларына кіру тегін жүзеге асырылады.
Дата публикации
19 июня 2026