Түркістан облысының кәсіпкерлері назарына!

Түркістан облысының кәсіпкерлері назарына!

Qazindustry еңбек өнімділігін арттыруға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда. Отандық кәсіпорындар: компанияның құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды (қызметкерлерді оқыту және шетелдік мамандарды тарту, оның ішінде өнімді жылжыту бойынша): технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды

(тех және энерго аудит, IT саласындағы консалтинг, өнеркәсіптік дизайн, шеф-монтаж және іске қосу-баптау, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, өнеркәсіптік сынақтар, инжинирингтік қызметтер және т. б); өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды (басқару және өндірістік технологияларды енгізу, АБЖ, Kaizen, Kanban, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу); индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындарды (лизинг пен ТЭН алу үшін) өтей алады.

Өтінімдерді қабылдау www.qazindustry.gov.kz интернет-порталы арқылы ЖЫЛ БОЙЫ онлайн жүзеге асырылады,Кеңес алу үшін телефон:8 (7172) 79-33-90 (ішкі: 444)

Мемлекеттік қолдау шараларын алу тәртібі бойынша толық ақпарат, қағидаларға сәйкес еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі құжаттардың тізбесі www.qazindustry.gov.kz корпоративтік сайтында орналастырылған.