ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ЭКСПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ЭКСПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түркістан облысы инвестиция және экспорт басқармасы басшысының бұйрығымен Абдразақова Нұргүл Пердебайқызы басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Нұргүл Пердебайқызын басқарма басшысы Қайрат Әзімов басқарма ұжымына таныстырып, алдағы қызметіне табыс тіледі.
Нұргүл Пердебайқызы – 1986 жылы 23 сәуірде Өзбекстан Республикасы Жыззақ облысы, Гагарин қаласында дүниеге келген.
2004 - 2008 жылдары – Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін маркетинг мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2013 жылы «Мерей-Р» ЖШС-да бастап, 2015 жылы «Өркен Биофабрикасы» ЖШС-де менеджері, 2016 жылы «ДинГолд» ЖШС-де құжаттарды рәсімдеу менеджер, 2017 жылы ОҚО кәсіпкерлік палатасының Мақтаарал аудандық филиалында менеджер, 2019 жылы Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Мақтаарал аудандық филиалы директоры, сонымен қатар, 2021 жылы Түркістан облысы мәслихатының 7 шақырылымының депутаты, 2021 жылдың шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің I санатты эксперт лауазымын атқарып келген.