Түркістан облысы инвестиция және экспорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Шонбасов халықаралық «TURKISTAN» телеарнасына сұхбат берді. Түркістан облысындағы «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы және «TURKISTAN» Индустриялды аймақтарға тартылып жатқан инвестициялар туралы баяндалған сұхбат барысында Түркістан облысының индустриалды аймақтарында жалпы құны 35,8 млрд.теңгені құрайтын және 3184 жұмыс орынын ашуға мүмкіндік беретін 56 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, құны 30,0 млрд.тг., болатын 36 жобасы іске қосылып, 1154 жұмыс орны ашылды.
Соның ішінде, 2020 жылы құны 1 190,2 млн.теңгеге 212 жұмыс орнымен Түркістан және Кентау индустриалды аймақтарында «Kaztor LTD» ЖШС (Сым бұйымдарын өндіру). Жоба құны - 112,0 млн.тенге, 67 жұмыс орнымен, «SOUTH ALUPLAST» ЖШС (Асфальтобетон, тауарлық бетон және темір- бетон бұйымдарын өндіру). Жоба құны 510,0 млн.тенге, 56 жұмыс орнымен және «Нурлы НазАй» ЖШС (Көп функциялы POS-терминалдарды құрастыруды ұйымдастыру). Жоба құны - 300,0 млн.тенге, 20 жұмыс орнымен ірі 6 жоба іске асырылды.
Сондай-ақ, 2021 жылы 1 865,3 млн.теңгеге, 683 жұмыс орнымен 6 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Атап айтсақ «EuroBlock Production» ЖШС (Газбетон блоктарын өндіру) - Жоба құны – 113,8 млн.тенге, 20 жұмыс орнымен, «EKP-GROUP 878» ЖШС (Газбетон блоктарын өндіру) - Жоба құны – 1041 млн.тенге, 16 жұмыс орнымен, «ЭХТ» ЖШС (Гипохлорит өндіру цехы) - Жоба құны – 56 млн.тенге, 12 жұмыс орнымен, «Таженов Е.Е.» ЖК (Сылақ торын өндіру цехы) - Жоба құны – 55 млн.тенге, 10 жұмыс орнымен, «Бескаска» ЖШС (Суық ыстық асфальт қоспасын өндіру) - Жоба құны – 186,5 млн.тенге, 25 жұмыс орнымен, «Александровский сад» ЖШС Жоба құны 500 млн.тенге.
Сонымен қатар, 2018 жылғы 20 желтоқсанда Түркістан облысы әкімінің №340 қаулысы негізінде «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы құрылды.
«TURKISTAN» АЭА аумағы 3014 га құрап, 4 қосалқы аймақтан тұрады (әкімшілік іскерлік орталығы – 1350 га, тарихи мәдени орталығы – 297 га, өндірістік аймақ – 365 га және 35 га және Әуежай – 967 га.)
Жалпы «TURKISTAN» АЭА - да жалпы сомасы 439,4 млрд. теңгеге 33 жобаларды жүзеге асыру бойынша шартқа қол қойылған.
Оның ішінде 2020 жылы 95,1 млрд.теңгеге 4 жоба іске асырылды.
- Тарихи орталықта – «Неке сарайы», жоба құны - 1,16 млрд. теңге, «Hampton» қонақ үйі, жоба құны 3,9 млрд. теңге.
- Әкімшілік іскерлік орталықта – «Конгресс холл», жоба құны -11,4 млрд. теңге.
- Әуежай қосалқы аймағында – «Халықаралық әуежай», жоба құны – 74,0 млрд. теңге.
2021 жылы 37,9 млрд теңгеге Әкімшілік-іскерлік және Тарихи орталықта ашылатын «Feb Turkestan» ЖШС-нің «Nur-Sultan city» тұрғын үй кешенінің құрылысы, жоба құны - 33,1 млрд. теңге және «Тамыз Құрылыс ББК» ЖШС жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар №5 көп пәтерлі тұрғын үй блогының құрылысы, жоба құны - 1,1 млрд.теңге. сияқты ірі 5 жобаның құрлыс жұмыстарын аяқтап, іске қосу жоспарланған.