Түркістан облысына Шетелдік инвесторларды тарту

Түркістан облысына Шетелдік инвесторларды тарту

Бүгін Түркістан облысы инвестиция және экспорт басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Қыдыров халықаралық «TURKISTAN» телеарнасына сұхбат берді. Түркістан облысына тартылып жатқан инвестициялар туралы баяндалған сұхбат барысында облыс құрылғаннан бастап, негізгі капиталға бағытталған инвестициялар туралы кеңінен айтылды.

Айта кетейік, дүниежүзілік пандемияға қарамастан 2020 жылдың 12 айында Түркістан облысының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 703,3 млрд. теңге немесе 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 159,4% (2019 жылы – 443,5 млрд. теңге) құрады. Оның ішінде жеке инвестициялар 418 млрд. теңге немесе жоғарыда көрсетілген соманың 59,4% және Республика бойынша көсбасшы болып тұрғанын атап өтті.

Жоғарыдағы аталған көрсеткіштерге қол жеткізу ол, жалпы құны 72,4 млрд. теңгені құрайтын Түркия республикасының «YDA Insaat» компаниясы Түркістан қаласының халықаралық әуежайының құрылысы, Түркістан қаласындағы құны 5,7 млрд. теңгені құрайтын «RIXOS TURKISTAN» 5 жұлдызды қонақ үйінің құрылысы, және жалпы құны 700 млн. теңгені құрайтын Өзбекстан республикасының «TURKISTAN TEXTILE» ЖШС Түркістан қаласының индустриалды аймағында тігін фабрикасының құрылысы сияқты тағы басқа ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы есебінен қол жеткізілді.
Бұдан басқа, ағымдағы жылдың сәуір айында Түркістан қаласындағы жалпы құны 90,4 млрд. теңгені құрайтын Түркия республикасының «Turkistan Silkway Harbor» ЖШС Керуен-Сарай көпфункционалды туристік кешенінің салтанатты ашылуы жоспарлануда.

Сонымен қатар, Түркістан қаласындағы индустриалды аймағына жалпы құны 35,7 млрд. теңгені құрайтын 2 163 жаңа жұмыс орнын ашумен Өзбекстандық «ARTEL ELECTRONICS» электротұрмыстық техникаларын шығару зауыты және жалпы құны 25 млрд теңгені құрайтын 150 жаңа жұмыс орнын ашылуымен Түркиялық «VETAL KAZAKHSTAN» ЖШС ветеринариялық препараттардың өндірісі зауытының құрылысы инвестициялық жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.