ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ МҰҚИЯТ ІСКЕ АСЫРУҒА КӨҢІЛ БӨЛУ

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ МҰҚИЯТ ІСКЕ АСЫРУҒА КӨҢІЛ БӨЛУ

Бүгін облыс әкімі Ө. Е. Шөкеевтің төрағалығымен және біздің өңірдің ірі инвесторлары: Шуткин Олег Игоревич (ГК HEVEL), Кобыл Абдужалилович "Artel Electronics", Шонбергер Алоиз ("ECOINVEST" ЖШС), Терещенко Сергей Александрович (Ынтымақ Агро ХХІ) және т. б. қатысуымен Түркістан облысы өңірлік инвесторлар кеңесінің онлайн отырысы өтті.

Өмірзақ Естайұлы атап өткендей, өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту, инвестицияларды тарту және ұстап қалу біздің негізгі міндеттеріміз болып табылады. Осыған байланысты, инвестициялар тартудың қолайлы экожүйесін құру үшін бізде Инвестиция және экспорт басқармасы жұмыс істейді, сондай - ақ инвестиция тарту және экспортты дамыту жөніндегі "TURKISTAN INVEST" аймақтық агенттігі жұмыс істейді, ол инвесторлар мен экспорттаушылар үшін фронт-офис болып табылады және "бір терезе"қағидаты бойынша қызметтердің толық спектрін ұсынады.

Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингінде еліміздің үздік өңірі деп танылды. Сондай-ақ біздің өңір инвестицияның (+60%) және құрылыстың (+66%) өсу қарқыны сияқты көрсеткіштер бойынша абсолюттік көшбасшы болып табылады.

Құрылған сәттен бастап Түркістан облысында жалпы құны 600 млн доллар болатын 91 жоба жүзеге асырылып, 6000-ға жуық жұмыс орны құрылды.

Алдағы 4 жылда құны 1,5 триллион теңгеден асатын 93 жобаны іске асыру жоспарланып отыр,  бұл болашақта 21 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

Инвестициялардың негізгі үлесі туризм, ЖЭК, өңдеу өнеркәсібі, АӨК сияқты салаларға бағытталған.

Осы көріністің артында мемлекеттік органдар өкілдерінің және инвестор-кәсіпкерлердің орасан зор бірлескен еңбегі тұр. Кеңестің кезекті отырысында инвесторлар өз жобаларын іске асыру барысы туралы айтып берді. Барлық туындаған мәселелер, кедергілер және оларды шешу жолдары талқыланды.

Сонымен қатар, ірі инвесторлар Түркістан облысының әкімдігіне және "TURKISTAN INVEST" инвестиция тарту және экспортты дамыту жөніндег аймақтық агенттігіне жобаны іске асыруға көмектескені үшін алғыс айтып, фронт офис пен әкімдіктің үйлесімді жұмысын атап өтті.

Облыстың кәсіпкерлік саласындағы жетістіктеріне инвесторлар үлкен үлес қосқанын атап өткім келеді. Сондықтан, біз өз тарапымыздан инвестициялық жобаларды іске асыруға көмек көрсетуге және кәсіпкерлердің қызықты идеяларын жүзеге асыруға әрқашан дайынбыз.