ОТЫРАР АУДАНЫНДА ІРІ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ІРІ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін ШәуілдІр кентінің маңында қуаттылығы 50 МВт күн электр станциясының құрылысын бастау жөніндегі салтанатты рәсім өтті.

Эни компаниясының жергілікті еншілес ұйымы Arm Wind ЖШС арқылы салып жатқан күн электр станциясы 100 гектар аумақты алып жатыр. Ұзындығы 8 км болатын 100 000-нан астам фотоэлектрлі панельдер, қосалқы станция және әуе электр беру желісі салынатын болады.

Түркістан облысында орналасқан Күн электр станциясы Қазақстан Республикасындағы күн энергетикасы секторындағы Эни ТҰК-ның алғашқы ірі инвестициясын білдіретінін атап өткім келеді. Инвестициялық жобаның сомасы 12 млрд.теңгені құрайды.

Жоба бірінші электр энергиясын 2021 жылдың 4-тоқсанында береді, 2022 жылдың 1-тоқсанында толық аяқталып, елдің энергетикалық секторын біртіндеп декарбонизациялауға өз үлесін қосады.

Ең бастысы, жаңа электр станциясы парниктік газдар шығарындыларын электр станциясының бүкіл қызмет ету мерзімінде 1,2 миллион тонна СО2 эквивалентінен аулақ болуға мүмкіндік береді.