ЛИТВА РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛШІСІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЛИТВА РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛШІСІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Литва Республикасының Қазақстандағы Елшісі Васюлис Гинтаутаспен кездесіп, біздің облыс пен Литва Республикасы арасындағы екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға қатысты пікір алмасты.

Біріншіден, ауыл шаруашылығы біз үшін басым бағыт және негізгі драйвер болып табылады. Екіншіден, Түркістан облысы жаңартылатын энергия көздері саласында айтарлықтай ресурстық әлеуетке ие.

Осыған байланысты біз осы салаларды дамытудағы ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқыладық. Сондай-ақ, қонақтарға Түркістан қаласының азық-түлік белдеуіндегі инвестициялық жобалар таныстырылды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысының Литвамен тауар айналымы-5,4 млн. АҚШ долларын, оның ішінде экспорт – 4,9 млн. АҚШ. Бұл бірлескен жобаларды әзірлеу үшін біздің облыстың үлкен әлеуетін көрсетеді, оларды іске асыруға қазақстандық та, литвалық та компаниялар тартылуы мүмкін.

Біз өз тарапымыздан литвалық компаниялардың біздің облыста бизнесті дамыту жөніндегі бастамаларына толық қолдау көрсетуге дайынбыз және ынтымақтастығымызды ұзақ мерзімді негізге көшіреміз деп үміттенеміз.