ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖӘНЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ОНЛАЙН ФАРМАТТА СТАНДАРТТАР БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖӘНЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ОНЛАЙН ФАРМАТТА СТАНДАРТТАР БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Шымкентте техникалық реттеу саласында онлайн-семинар өтті

 

Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласында қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру бойынша Шымкент қаласында 2020 жылдың 22-24 қыркүйек аралығында қашықтықтан оқыту форматында 3-күндік оқыту семинары өтті.

Іс-шараны «ҚазСтИн» РМК Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалы халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары, түрлі деңгейдегі қызметкерлердің кәсіби құзыреттілік деңгейін жетілдіру және арттыру мақсатында ұйымдастырды. Бұл оқыту болашақта, іс жүзінде, өнімдер мен қызметтер өндірісін жетілдіруде жоғары нәтижелерге дұрыс және тиімді қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Биылғы жылы техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы кәсіби құзыретін жетілдіру және деңгейін арттыруға 97 маман шешім қабылдады, оның ішінде Шымкент қаласының және Түркістан облысының мемлекеттік органдар өкілдері, сәйкестікті растау жөніндегі органдары, сынақ, салыстырып тексеру зертханалары, білім беру мекемелері, сондай-ақ кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері.

Семинар барысында тыңдаушыларға келесі негізгі тақырыптар бойынша дәріс материалдары ұсынылды: «Стандарттау саласындағы жалпы нормативтік құқықтық база», «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде стандарттау және техникалық реттеу туралы заңнаманы практикалық қолдану мәселелері», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы нормативтік құқықтық актілерді тәжіребелік қолдану», «Халықаралық құқықтық актілер мен құжаттарды тәжіребелік қолдану мәселелері», «ЕАЭО елдеріндегі нарықты бақылау мен қадағалаудың заңнамалық негізі», «ЕАЭО шеңберінде КО/ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын сақтауды мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы».

Осы оқыту шеңберінде қатысушыларға алғаш рет техникалық реттеу жүйесі және Қытай, Иран, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Германия үшін басым елдердің нарықтарына өнімнің қол жетімділігі таныстырылды.

Сондай-ақ, қатысушыларға туризм қызметтері және «Халал» өнімдері саласындағы стандарттау және техникалық реттеу туралы заңнама талаптары түсіндірілді.

Семинар барысында тыңдаушылар практикалық қызметте туындайтын сұрақтарды белсенді түрде қойып, оларға дәріскерлер толық жауап берді.  Бұл оқыту болашақта, іс жүзінде, өнімдер мен қызметтер өндірісін жетілдіруде жоғары нәтижелерге дұрыс және тиімді қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Анықтама ретінде: Еркежан Әмірханова – «ҚазИнСт» РМК бас директорының орынбасары, Айтмухан Мусин – «ҚазСтИн» РМК Талдау және жүйелендіру орталығының бас маманы, Қайрат Жунусов –Көкшетау филиалының «ҚазСтИн» РМК директоры; Болат Абайұлы – «ҚазСтИн» РМК халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы», Сәулеш Айтжанова - «ҚазМетрИн» РМК, Ақтөбе қаласы Ақтөбе   филиалының бас сарапшысы; Әдемі Нысанбек – Алматы қаласы бойынша ҚР ТЖМ ТРМК Департаменті РММ» бас маман.