Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ұжымдық мәжілісінің
хаттамасы
Түркістан қаласы 14.05.2024 ж.
Мәжіліс төрағасы: Басқарма басшысы – Р.Мұздыбеков
Қатысқандар: Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ұжымы (қосымшаға сәйкес).
Күн тәртібінде:
Баяндамашы: Басқарманың бөлім басшысы А.Сарманов.
Мәжіліс барысында:
Мәжілісті басқарма басшысы Р.Муздыбеков ашып, күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс жоспарын көрсетті. Осы жұмыс жоспарына сәйкес талдамалық анықтаманың жобасы жасалғанын айта кетті.
Сонымен қоса, аталған жиналысқа сырттан өкілдердің келмегені (басқармаға қатысы жоқ тұлғалар) және ұсыныстар берілмегені аталып өтті.
Р.Муздыбеков сөз кезегін күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндамашы А.Сармановқа берді. Баяндамашы күн тәртібіндегі мәселе бойынша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау анықтамасымен таныстырды. Анықтамаға сәйкес, басқарманың барлық бөлімдері талдаумен қамтылып, жалпы ақпарат берілді.
Оның ішінде, ауыз сумен қамтамасыз ету және су бұру бөлімінің қызметінде атап айтқанда, ауыз су құнын субсидиялау бөлігінде «тікелей байланыс тәуекелі» анықталды. Ол бойынша, ҚР ИИДМ 2021 жылғы 27 шілдедегі №394 бұйрығымен бекітілген Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларына өзгеріс енгізу бойынша ұсыныс хат жолдау ұсынылды.
Аталаған мәселе бойынша ұсыныс 2022 жылы жолданған. Қайта тағы ұсыныс беру керектігі айтылды. Қажет болған жағдайда, ішкі регламентті бекіту ұсынылды.
Сонымен қоса, газбен қамтамасыз ету бөлімінің қызметіне қатысты сұйытылған мұнай газ өнімдерін бөлу барысында Қазақстан Республикасының талаптарын қатаң сақтау ескертілді.
Түсіндірме барысында, тұжырымдама және заңдағы басқа да баптар бойынша қызметкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, оларға толық түсіндірме жауаптар берілді.
Сондай ақ, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңына енгізілген жаңа талаптарға және оларды сақтамаған жағдайдағы жауапкершіліктерге тоқталып, Басқарманың қызметшілеріне сыбайлас жемқорлыққа, құқық бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру бойынша жұмыс істеуді айтып өтті.
Сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол берген жағдайда кінәлі тұлғаның тәртіптік жауапкершілігі, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінде қарастырылған әкімшілік жауапкершілігі сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде айқындалған қылмыстық жауапкершілігі қаралуы мүмкін екендігін ескертіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеуді нақтылап өтті.
Төраға: Р.Муздыбеков
Хатшы: А.Сарманов