23-СЕКТОР АУМАҒЫНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

23-СЕКТОР АУМАҒЫНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы көктемнің келуімен 23-сектор аумағында сенбілік өткізу жұмыстарын жандандырды. Ғ. Мүсірепов, Айтеке би, Юсупов көшелерінде, сондай-ақ, 300 метр ирригациялық желілері жиналып, 10 қап қоқыс шығарылды.
Сенбілік барысында сектор аумағында 2 стихиялық қоқыс орны анықталды. Осыған байланысты, тұрғындардың назарын келесі мәселелерге аударамыз:
-Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 42/436-VI шешімімен бекітілген Түркістан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларына сәйкес:
-Жеке және заңды тұлғаларға жол берілмейді:
1) қатты тұрмыстық қалдықтар, ыдыстарды, өндірістік, тұрмыстық және қауіпті қалдықтарды жалпы пайдалану орындарында, кәсіпорын және жеке тұрғын үйлердің ішкі ауласын қоса алғанда сондай-ақ, контейнерлерде от жағуға;
2) кез-келген түрде және мамандандырылған кәсіпорын болып табылмайтын кез келген бөгде ұйымдарға және жеке тұлғаларға, коммуналдық қалдықтардың нысанда иеліктен шығару.
Осы Қағидаларды бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексімен белгіленген 505 бапқа сәйкес жауапкершілікке тартылады.