«ТҰРАН» ТҰРҒЫН ҮЙ МАССИВІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

«ТҰРАН» ТҰРҒЫН ҮЙ МАССИВІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

15-16 қазан күндері ГРП - 2 және ГРП - 3, яғни «Иассы» мөлтек ауданы "Тұран" тұрғын үй массивінің, «Версаль» тойханасы, Кентау тас жолы бойының екі жақ бетіндегі аумақтарға газ құбырларына толығымен көгілдір отын жіберілді . Нәтижесінде, аталған аумақтағы абоненттің газға қосылуына мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, 17 қазан күні ГРП - 5, яғни Қазыбек би көшесінің оң жақ беті, "Қаракөз" мазараты аумағы және Военкомат» аумағы, «Sky» кафесі аумақтарындағы газ құбырларына толығымен көгілдір отын жіберілді. Нәтижесінде, аталған аумақтағы 938 абоненттің газға қосылуына мүмкіндік бар.