ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 2020-2021 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 2020-2021 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ

Облыстың 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы төмендегідей.

Облыс бойынша 1475 көпқабатты тұрғын үй бар,оның ішінде 586 көпқабатты тұрғын үйлер орталықтандырылған жылумен қамтамысыз етілген. Барлық үйлердің дайындығы 100%.

Жалпы облыстағы 2623 бюджеттік мекемелер 100% дайын.

  • Білім саласында 1262 мекемеден дайындық жұмыстары жүргізілгені 1262  (100%),
  • Денсаулық саласында 751 мекемеден дайындық жұмыстары жүргізілгені 751    (100%),
  • Мәдениет саласында 536 мекемеден дайындық жұмыстары жүргізілгені 536 (100%), - Дене шынықтыру саласында 60 мекемеден дайындық жұмыстары жүргізілгені         60     (100%),

- Жұмыспен қамту саласында 14 мекемеден дайындық жұмыстары жүргізілгені  14      (100%).

Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін мекемелердегі жалпы қазандықтар саны - 38, бүгінгі күнге дайындалғаны 32 (84,2%). (Кентау қ. ЖЭО-5 мекемесінің 6 қазандығы бойынша күрделі жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың 15 қазанында аяқтау жоспарлануда)

Инфрақұрылымдар бойынша:

 - 1,1 км жылу құбырларын жөндеу, дайындығы 100% .

 - 75,7 км. ауыз су құбырларын жөндеу, орындалғаны 54,7 км (72,3%). Жұмыстар кестеге сәйкес жалғасуда.

 - 2 510,6 км. (ВЛ 0,4 кВ және (10кв,35кв,110кв,220кв) электр желілерінен жөнделгені, 1950,2 км немесе  77,7%,  (“Оңтүстік Жарық Транзит” ЖШС).                                 

 - 1129 дана трасформаторлардан жөнделгені 920 дана немесе 81,5%,

     (“Оңтүстік Жарық Транзит” ЖШС).

Қатты отын бойынша: Облысқа қажетті қатты отын көлемі 1 003,3 мың тонна құрап отыр, тасымалданғаны 600,2 мың тонна немесе 60%.

Тұрғындар үшін темір жол тұйығы бар елді мекендерде 1 тонна қатты отынның бағасы 11 500 - 16 500 тг аралығында (темір жол тұйығы жоқ шалғай елді мекендерде 1 тонна қатты отынның бағасы 18 500 теңгеге дейін). Өткен жылы қатты отын бағасы 13 500-18 500 теңге аралығын құрады.

Сұйық отын бойынша: Бюджеттік мекемелердің сұйық отынға (дизелді отын) қажеттілігі 5 420,6 мың литр, толық тасымалданған немесе 100%.

Жалпы облыстың 2020-2021 жылдардағы жылу  беру маусымына дайындық жұмыстарының барысына апта сайын тұрақты мониторинг жүргізіледі.