«ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ОРАЙ СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛДІ

«ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ОРАЙ СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛДІ

2020 жылдың 19 қыркүйегінде Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен "Оңтүстік Энергосервис" МКК қызметкерлері "Дүниежүзілік тазалық күні" (World cleanup day 2020) Дүниежүзілік экологиялық акциясы аясында Азрет Сұлтан кесенесінің аумағында сенбілік өткізді. Оның мақсаты Қазақстан Республикасының халқын біріктіру болып табылады. Тек бірге ғана біз еліміздің әрбір өңірін жиналған қалдықтардан тазарта аламыз, сондай-ақ адамдардың қоршаған ортаның тазалығын сақтауға деген көзқарасын өзгерте аламыз және қоқысты одан әрі өңдеу үшін оны бөлек жинауды жаппай енгізуге серпін бере аламыз.

Аталған Акция барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілді.