САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ №20 «ЖАҢАҚОҒАМ» АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ГАЗ ТАРАТУ СТАНСИЯСЫ (АГТС) ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ №20 «ЖАҢАҚОҒАМ» АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ГАЗ ТАРАТУ СТАНСИЯСЫ (АГТС) ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысы, Сайрам ауданының тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, 2015 жылы №20 «Жаңақоғам» автоматтандырылған газ тарату стансасының (АГТС) құрылысы жүргізіліп, тапсырылған болатын. Алайда, бүгінгі күнге дейін түрлі себептермен АГТС іске қосылмай келген.

Осыған байланысты, Сайрам ауданының және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бірлесіп облыс басшылығының тапсырмасына сәйкес №20 «Жаңақоғам» АГТС-і іске қосылып, қазіргі таңда АГТС-ке қарайтын Арыс а/о Қожақорған және Нұржанқоран елді мекендері, Көлкент а/о Ханқорған, Жаңатұрмыс және Қосбұлақ елді мекендері табиғи газға қосылды. Нәтижесінде 2417 абонент, 15577 халық көгілдір отын пайдалануда.

Сонымен қатар, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы және Сайрам ауданының әкімдігі бірлесіп аудан тұрғындарына табиғи газ отынын пайдалану тиімділігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.