«Үздік мемлекеттік қызметші» конкурсы

«Үздік мемлекеттік қызметші» конкурсы

23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері күніне орай ұйымдастырылған «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі өз мәресіне жетті. Өңірлік комиссия тарапынан ең көп ұпай жинап, өзгелерден озық шыққан облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының бас маманы Айтуар Ақерке Әсілханқызы республикалық кезеңде облыстың намысын қорғайтын болады. Әріптесімізді жеңісімен құттықтай отырып, ақтық кезеңде сәттілік тілеп, осынау бәйгеде үздіктердің үздігі атанатынына сеніміміз мол!