БЕЛГІЛІ ДІН ҒАЛЫМЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА

БЕЛГІЛІ ДІН ҒАЛЫМЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, дін істері басқармасының ұйымдастыруымен дін саласы бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен Республикаға танымал ғұламалардың қатысуымен кездесулер өткізілуде.
Осы жоба аясында, бүгін Мақтаарал ауданында «Сарыағаш» медресе-колледжінің директоры Сманов Дінмұхаммед Әбдіжаппарұлы бірнеше кездесулер өткізді. Аталған кездесулерге Түркістан облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы Әсілбек Жандос Манарбекұлы, «Дін мәселелер зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Халықов Медет Мұзапбарұлы қатысты. Кездесуді Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы Ешанқұлова және Ішкі саясат бөлімінің басшысы Тамара Ташева жүргізіп отырды.
Аталған шарада жалпы қоғам арасындағы түрлі деструктивті діни ағымдардың идеологиясының таралуының алдын алуға, сондай-ақ қазіргі таңдағы ынтымақтастық пен татулықта діннің алар орны ерекше екендігі түсіндірілді.
Алдағы уақытта осы бағыттағы жобалар облысымыздың басқада қала, аудандарында өз жалғасын табады.