ТҮРКІСТАН: ИМАМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ СЕМИНАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН: ИМАМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ СЕМИНАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының мұрындық болуымен және облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дін қызметкерлері мен сала мамандарына «Көркем уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» бойынша семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Семинарға Түркістан облысының дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев, Түркістан облысының бас имамы Ержан қажы Сматұлы, Республикалық ақпарттық-түсіндіру тобының мүшесі, белгілі дінтанушы Мәди Бесбаев, «Сарыағаш» медресе-колледжінің директоры Дінмұхаммед Сманов, «Ақмешіт» мешітінің ұстазы, «Әл-Азхар» университетінің түлегі Мамедалиев Нұрсұлтан және қала, аудан бас имамдары мен осы салаға жауапты мамандар, дін қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Семинардың басты мақсаты имамдар мен дін қызметкерлерінің уағыз айту барысында сөйлеу шеберлігін арттыру, деструктивті діни ағым жақтастарымен оңалту жұмыстарын жүзеге асыратын имамдардың біліктілігін көтеру, сондай-ақ білім алудың және оны өзгелермен бөлісудің маңызы, жат діни ағымдардың алдын алуда Ақиданың (Сенім) маңызы мен жастарды жат діни ағымдардан сақтандыру және ғаламтор беттеріндегі түрлі деструктивті сипаттағы кереғар діни ағымдар мен олардың радикалды бағыттағы уағызшыларына, әдебиеттеріне қарсы тұратын бірыңғай иммунитет қалыптастыру болып саналады.
Бұл бағыттағы тағылымды семинарлар облыстың өзге де қала, аудандарында жүйелі түрде ұйымдастырылып тұрмақ.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі