ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ЖАНДАНУДА

ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ЖАНДАНУДА

Түркістан облысы әкімінің аппарат басшысы Е.А.Әлімқұловтың  бекітуімен жастармен, колледж студенттерімен дін саласындағы мемлекеттік саясатты дәріптеу сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың алдын алу бағытында Созақ ауданы Созақ ауылында орналасқан №1 колледж студенттерімен жалпы кездесу өтті. Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы Ж.Асылбек, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры М.Халықов теолог маманы Қ.Қосмаханов және Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғ.Пәрдебекұлы қатысты. Кездесу колледж студенттері үшін өте пайдалы өтті. Себебі деструктивті діни ағымдардың ішкі сыртқы белгілері айтылды. Сондай-ақ әлеуметтік желіде деструктивті діни ағымдардың уағыздарынан абай болуға шақырды. Кездесу соңынан колледж студенттері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.