
Бүгін әлеуметтік желі жұлдызы, халық арасында «Хит имам», «Тикток имам» атымен танымал Нұрлан Байжігітұлы Түркістан қаласына арнайы сапармен келіп, облыс жастарымен кездесті.
Кездесу барысында ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр, қазақ даласындағы ислам, жастар арасындағы өзекті мәселелер жайлы тақырыптар қозғалып, жастардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берілді.
Кездесу соңында жастармен естелікке суретке түсіп, жастарға жылы лебізін білдірді.