Құрметті желі қолданушылары!
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Е.Дауылбаевтың бекіткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы кестесіне сәйкес, «Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі ағымдағы жылдың 21 сәуірінен бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз!
Ішкі талдау жұмыстары 21 сәуір – 4 маусым аралығында жүргізіледі.
Егер де, Сізде қандай да бір сала қызметіне қатысты нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.
Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.
Байланыс: +7-701-234-34-05
Эл.почта: yur.otdel.zdrav@mail.ru