
Медицина саласындағы үздіксіз еңбегі мен кәсіби біліктілігі үшін Түркістан облыстық көз микрохирургиялық ауруханасының басшысы Бектұрғанов Рамазан Сейдахметұлы мемлекеттік наградаға ие болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 15 маусымдағы Жарлығымен, Рамазан Сейдахметұлы еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Парасат» орденімен марапатталды.
Бұл марапат – тек жекелеген тұлғаның емес, тұтас өңірлік медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегі мен қоғам алдындағы жауапкершілігінің айқын көрінісі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұжымы атынан Рамазан Сейдахметұлын лайықты марапатымен құттықтап, денсаулық, қажымас қайрат және жауапты қызметінде жаңа табыстар тілейміз!
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында денсаулық сақтау саласының үздік өкілдерін ұлықтап, халық денсаулығы – мемлекетіміздің ең басты құндылығы екенін атап өткен болатын.