Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, денсаулық сақтау басқармасында ағымдағы жылдың 14 мамыр – 26 маусым аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандайдада бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, 2026 жылдың 18 маусым күні 16:00-де басқармалар үйі 3-қабат, денсаулық сақтау басқармасының мәжіліс залында өтетін ішкі талдау анықтамасының алдын ала нұсқасын талқылау жиынына шақырамыз.
Байланыс: 8-701-234-34-05