Әкесі қызына бүйрегін беріп, жаңа өмір сыйлады

Әкесі қызына бүйрегін беріп, жаңа өмір сыйлады

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында тағы бір сәтті бүйрек трансплантациясы жасалды.

61 жастағы Шарип Маметович Таблиев өз қызына бүйрегін донор ретінде беріп, оған жаңа өмір сыйлады.

37 жастағы Марина Чото-Оглыға созылмалы тубулоинтерстициальды нефрит салдарынан дамыған 5-сатыдағы созылмалы бүйрек ауруы диагнозы қойылған. Ол 2026 жылдың қаңтар айынан бастап бағдарламалық гемодиализ қабылдап келген.

2026 жылғы 13 мамырда Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында тірі туыстық донордан бүйрек трансплантациясы сәтті орындалды. Донор – пациенттің өз әкесі.

Күрделі жоғары технологиялық операцияны тәжірибелі мамандар тобы жүзеге асырды.

👨‍⚕️ Хирургтар:
Н.Б. Мауленов, М.О. Досханов, Е.М. Тауасаров, В.Р. Ли, Б.С. Байтөре, Ч.Б. Байменов, С.Н. Садыкбек, Н.Т. Садуакас, Н.Ж. Жұмабек, Б.Н. Отебеков.

👨‍⚕️ Анестезиолог-реаниматологтар:
Е.Б. Муталиев, А.Р. Пралиев.

Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтіп, трансплантацияланған бүйректің қызметі қалпына келді. Пациенттің жағдайы жақсарып, 2026 жылғы 26 мамырда әкесімен бірге қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.