Бүгін Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстан Республикасындағы Өкілдігімен иммунопрофилактика мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында өңірдегі эпидемиологиялық ахуал, вакцинамен басқарылатын инфекциялардың алдын алу, халықты иммундаумен қамту көрсеткіштері және вакцинациялау жұмыстарын одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, халық арасында вакцинацияның маңыздылығын түсіндіру, медицина қызметкерлерінің коммуникациялық дағдыларын арттыру және нысаналы топтарды толық қамту бағытындағы бірлескен жұмыстар қарастырылды.
Жиын қорытындысы бойынша тараптар иммунопрофилактика саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға және халық денсаулығын қорғауға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.