Халықаралық медбикелер күні атап өтілді

Халықаралық медбикелер күні атап өтілді

Халықаралық медбикелер күніне орай аудандық ауруханаларда мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, адам жанының арашасы болып жүрген ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді. Денсаулық сақтау саласының маңызды буыны саналатын мейіргерлердің еңбегі әрдайым зор бағалауға лайық. Олар күндіз-түні науқастардың жанынан табылып, ем-домның нәтижелі болуына үлкен үлес қосып келеді.

   Мерекелік шара барысында аурухана басшылығы сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, олардың адал еңбегі мен жауапкершілігіне ерекше тоқталды. Сонымен қатар, ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып келе жатқан тәжірибелі медбикелер мен өз ісінің үздіктеріне алғыс хаттар мен арнайы марапаттар табысталды.

   Іс-шара аясында мерекелік концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, әсем әндер шырқалып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Әріптестер арасында түрлі тренингтер мен танымдық кездесулер өткізіліп, медицина саласындағы тәжірибе мен кәсіби біліктілікті арттыру мәселелері де сөз болды.

   Халықаралық медбикелер күні – ақ халатты абзал жандардың ерен еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісі. Мереке иелеріне зор денсаулық, қажымас қайрат, толағай табыс пен отбастарына амандық тілейміз.