
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, емдеу мекемелеріндегі дәрігер тапшылығы, медициналық қызмет сапасы, дәрі-дәрмекпен қамту, жоспарлы ем алу және диагностикалық тексерулерге қолжетімділік мәселелері сөз болды.
Басқарма басшысы әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің заң аясында шешілу жолдарын түсіндірді. Тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар беріліп, бірқатар мәселелерді қысқа мерзімде шешу бақылауға алынды.
Қабылдау қорытындысы бойынша азаматтардың өтініш-тілектері назарға алынып, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жалғасатыны атап өтілді. Сонымен қатар, тұрғындардың құқықтары мен сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі екені ерекше айтылды.
Айта кетейік, мұндай жеке қабылдаулар тұрғындармен кері байланысты нығайтып, саладағы өзекті мәселелерді дер кезінде анықтап, шешім қабылдауға мүмкіндік береді.