Түркістан қаласында өткен «Өмір коды. Шекарасыз генетика»атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға біздің Орталықтың білікті мамандары қатысып қайтты.
Бұл ауқымды шарада Орталығымыздан төмендегі кәсіби мамандар қатысты.
Ұрықты қорғау орталығының генетик дәрігерлері Балкибекова Назгуль Кульбековна,
Ташенова Гульнур Мухтаровна, Цитогенетик маманы Болтайхан Нурбол, Клиникалық диагностикалық лабароториясының меңгерушісі Сапарбаева Елена Александровна
Конференция барысында генетика және ұрықты қорғау саласындағы ең өзекті мәселелер талқыланып, әлемдік медицинаның жаңа технологиялары мен инновациялық әдістері ортаға салынды. Біздің мамандар халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасып, заманауи диагностиканың тың мүмкіндіктерін зерделеді.
Мұндай халықаралық деңгейдегі білім алмасулар — Орталығымызда көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға, генетикалық патологияларды ерте анықтауға және ең бастысы — салауатты ұрпақтың дүниеге келуіне тікелей септігін тигізеді.
Біз әрқашан алдыңғы қатарлы технологиялар мен терең білімді ұштастыра отырып, сіздердің денсаулықтарыңыз үшін қызмет етеміз!