Болашаққа бағдар

Болашаққа бағдар

  Шардара ауданындағы М. Горький атындағы мектеп-гимназиясында жоғары сынып оқушыларына арналған маңызды семинар-сабақ өтті.
    Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу және репродуктивті денсаулықты сақтау мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға Шардара аудандық орталық ауруханасының білікті мамандары, акушер- гинеколог пен психологтар арнайы қатысты.

   Кездесу барысында аудандық аурухананың гинеколог маманы оқушы қыздарға ерте жүктіліктің физиологиялық және медициналық салдары туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді. Маман ерте жастағы ана болудың ағзаға түсіретін салмағы, денсаулыққа келетін қауіп-қатерлер мен болашақ ұрпақтың саулығы туралы ашық айтып берді.