ВАКЦИНАДАН ҚАЙТЫС БОЛҒАНЫ РАСТАЛМАДЫ

ВАКЦИНАДАН ҚАЙТЫС БОЛҒАНЫ РАСТАЛМАДЫ

      Түркістан облысы Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында тіркелген баланың өліміне қатысты әлеуметтік желілерде тараған «вакцинадан қайтыс болды» деген ақпарат расталмады.
      Аталған жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті арнайы тексеру жүргізді. Тексеру жұмыстарына бейінді мамандармен қатар тәуелсіз сарапшылар да тартылды.
     Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы 27 мамырда туған бала 2026 жылғы 22 қаңтарда жағдайының нашарлауына байланысты ауруханаға жеткізіліп, шұғыл түрде стационарға жатқызылған. Дәрігерлер тарапынан клиникалық хаттамаларға сәйкес тиісті емдеу шаралары жүргізілген.
    Алайда келесі күні баланың жағдайы күрт ауырлап, полиоргандық жеткіліксіздік дамыған. Қабылданған қарқынды терапияға қарамастан, ағзадағы үдерістердің қайтымсыз болуына байланысты баланы аман алып қалу мүмкін болмады.
        Жүргізілген тексеру барысында медициналық көмекті ұйымдастыру және клиникалық үдерістерге қатысты бірқатар кемшіліктер анықталды. Осыған байланысты жауапты тұлғаларға тәртіптік шаралар қолданылып, тиісті кадрлық шешімде.