Жедел жәрдем – өмір сақшысы!

Жедел жәрдем – өмір сақшысы!

Түркістан облысы, Түлкібас ауданының орталығында орналасқан «Береке» базарындағы асханалардың бірінде 51 жастағы азаматшаға шұғыл көмек қажет болды.

   Шақыртуға жедел жеткен Түлкібас бекетінің №65 жедел жәрдем бригадасы науқастың ес-түссіз жатқанын анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, азаматша базар аумағындағы дәріханалардың бірінде екпе қабылдағаннан кейін жағдайы күрт нашарлаған.

    Дәрігерлер анафилактикалық шок пен жүректің кенеттен тоқтауын анықтап, дереу реанимациялық шараларды бастады.

Бригада құрамы:

дәрігер Кажиев К.

фельдшер Молдалы Б.

жүргізуші Даулбаев Б.

    Медицина қызметкерлерінің кәсіби әрі үйлесімді әрекетінің арқасында клиникалық өлім жағдайынан науқас қайта тірілтіліп, өмірі сақтап қалынды!    Қазіргі таңда науқас дәрігерлердің бақылауында.