Еуропалық иммундау апталығы аясында 1 Облыстық перинаталдық орталықта маңызды семинар сабағы өтті

Еуропалық иммундау апталығы аясында 1 Облыстық перинаталдық орталықта маңызды семинар сабағы өтті

  Эпидемиолог маман Айгерим Маратовна орталықтың дәрігерлері мен орта буын қызметкерлеріне екпенің маңыздылығы, жұқпалы аурулардың алдын алу және вакцинацияның тиімділігі туралы жан-жақты ақпарат берді.
  Вакцинация – адам денсаулығын қорғаудың ең қауіпсіз әрі тиімді жолдарының бірі. Уақтылы салынған екпе көптеген қауіпті аурулардың алдын алып, қоғамның саулығын қамтамасыз етеді.
    Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың амандығы үшін екпе алуды ұмытпаңыз!