2026 жылғы 24 сәуірде Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті базасында «Өмір коды

2026 жылғы 24 сәуірде Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті базасында «Өмір коды

    Шекарасыз генетика» тақырыбында халықаралық қатысуымен республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

   Аталған ғылыми іс-шараны медицина ғылымдарының докторы, профессор, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының профессоры Куандыков Есенгельды Усербаевич және медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Персонализирленген геномдық диагностика зертханасының жетекшісі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс генетигі Абильдинова Гульшара Жусуповна ұйымдастырды.

     Конференция жұмысына еліміздің және шетелдің жетекші ғалымдары мен мамандары қатысып, генетика саласындағы заманауи жетістіктер, тұқым қуалайтын ауруларды ерте диагностикалау, пренаталдық скрининг және персонализирленген медицина бағыттары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.