«Өз кәсібінің үздігі» байқауы жарияланады

«Өз кәсібінің үздігі» байқауы жарияланады

        Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы №44 бұйрығының «Өз кәсібінің үздігі» атағын беру қағидалары негізінде денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары арасында 2026 жылға арналған «Өз кәсібінің үздігі» байқауын жариялайды!

        Қағидаларға сәйкес байқау екі кезеңде өткізіледі:

        I (өңірлік) кезең - облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана деңгейінде өткізіледі, мұнда республикалық деңгейге қатысатын үміткерлер анықталады, өткізу мерзімі - 2026 жылғы 20 сәуір - 22 мамыр;

  • Облыстық денсаулық сақтау басқармаларымен келесі 15 номинация бойынша үміткерлер іріктеледі:

«Үздік стационар дәрігері»;

«Үздік алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігері»;

«Үздік медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігері»; «Үздік ауыл дәрігері»;

«Үздік провизор»;

«Үздік денсаулық сақтау менеджері»;

«Үздік санитариялық-эпидемиологиялық бейін дәрігері»;

«Үздік санитариялық-эпидемиологиялық сараптама маманы»;

«Үздік стационар мейіргері»

«Үздік медициналық-санитариялық алғашқы көмек мейіргері»;

«Үздік ауыл мейіргері»;

«Үздік акушер»;

«Үздік фелдьшер»;

«Денсаулық саласындағы үздік әлеуметтік қызметкер»;

«Үздік медицина колледжі оқытушысы»;

  • Білім және ғылым ұйымдары келесі екі номинация бойынша үміткерлерді анықтайды:

 «Үздік медициналық ЖОО оқытушысы»,

«Үздік денсаулық сақтаудағы ғалым».

    Байқау кезеңдері:

  • қағидаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау - 20.04.2026 - 12.05.2026;
  • ҚР ДСМ-ге конкурстың республикалық деңгейінде қатысу үшін әр номинация бойынша 1 үміткерді беру - 19.05.2026 - 22.05.2026;
  • конкурс қорытындыларын ҚР ДСМ ресми сайтында жариялау 11.06.2026 дейін.

      Өңірлік деңгейдегі үміткерлердің материалдары облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармаларына, білім және ғылым ұйымдарының жауапты қызметкерлері тарапынан 2026 жылғы 22 мамырға дейін Денсаулық сақтау министрлігіне қағаз түрде ұсынылуы тиіс.