Cыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша анықтама

Cыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша анықтама

2025 жылы 26 мамырда «Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұжымдық мәжілісінде Түркістан облысының денсаулық басқарма басшысының орынбасалары Н. Кенжебаев,
 Б.Сатыбалды облысының денсаулық сақтау басқармасының ішкі талдау жүргізу мүшелері және Түркістан облысының Қазақстан Қызыл Айы қоғамының төрайымы, «Көмек» дағдарыс орталығының басшысы Жусупова Малика Абдрашқызының қатысуымен Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің қорытындысының тыңдалымы өткізілді

Басқарма басшысының орынбасары Н. Кенжебаев сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша анықтаманы талқылап мыналарды ұсынды:

Басқарма қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерді және құқық бұзушылықтарды болдырмау, олардың алдын-алу үшін барлық заңды шаралар пайдалана отырып, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізілсін.