БӘЙДІБЕК: “1 МАМЫР - ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ” КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

БӘЙДІБЕК: “1 МАМЫР - ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ” КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
 
Шаян елді мекеніндегі “Тәуелсіздік” алаңында 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиынға аудан тұрғындары мен қонақтар көптеп жиналып, ел ішіндегі ынтымақ пен достықты дәріптейтін бұл атаулы күнді кең көлемде атап өтті.
 
Салтанатты іс-шарада Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Қырғызалиев Бақыт Тұрсәнәліұлы сөз алып, жұртшылықты мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде бұл күннің ел ішіндегі тұрақтылық пен татулықтың, түрлі этностар арасындағы берік достықтың символына айналғанын атап өтіп, бірқатар азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хаттарын табыстады.
Сондай-ақ, аудандық мәслихат депутаты Елеусіз Алмас Байзақұлы да құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар тұрғындарға марапаттар тапсырды.
 
Мерекелік шара барысында Бәйдібек аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ән мен күй, ұлттық би мен театрландырылған көріністер көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.
 
Іс-шараға келген аудан тұрғындары мен балалар шат-шадыман көңіл-күймен тарқап, мерекелік атмосферадан ерекше әсер алды.
Аудан көлемінде ұйымдастырылған бұл мереке ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтудың, ел бірлігін дәріптеудің жарқын үлгісі болды.
 
Бәйдібек ауданы әкімінңң баспасөз қызметі