БӘЙДІБЕК: БІРЛІК КҮНІНЕ ОРАЙ МАРАФОН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

БӘЙДІБЕК: БІРЛІК КҮНІНЕ ОРАЙ МАРАФОН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
 
Аудан орталығы Шаян елді мекенінде 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шаралар аясында аудан жастары арасында марафон ұйымдастырылды.
Мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына баулу, бұқаралық спортты дамыту және ел ішіндегі татулық пен бірлікті насихаттау.
 
Спорттық шараға аудан әкімінің орынбасары Бақыт Қырғызалиев арнайы қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, бірлік пен ынтымақ мерекесінің мән-маңызына тоқталды. Жастардың белсенділігіне ризашылығын білдіріп, мұндай игі бастамалардың тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.
 
Марафонға ауданның әр өңірінен келген жас спортшылар қатысты. Қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің шыдамдылығы мен дайындығын көрсетті.
Жарыс соңында үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Марапаттарды аудан әкімінің орынбасары Бақыт Қырғызалиев салтанатты түрде табыстап, жеңімпаздарды құттықтады.
 
Бұл шара – аудан жастарының ұйымшылдығы мен ел болашағына деген жауапкершілігін айшықтай түскен игі бастамалардың бірі болды.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі