Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Жарлығын іске асыру аясында Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмаханов Шаян ауылдық округінің тұрғындармен кездесті.
Кездесу барысында ауыл халқы өздерін толғандырған өзекті мәселелерді көтеріп, көкейдегі сұрақтарын қойды.
Аудан басшысы тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің шешу жолдары қарастырылатынын атап өтті. Халықпен ашық әрі еркін форматта өткен кездесуде инфрақұрылымды дамыту, жол жөндеу, ауыз су және ауыл шаруашылығына қатысты сауалдар жиі көтерілді.
Кездесуден кейін Ерлан Нұрмаханов азаматтарды жеке қабылдап, әрқайсысының өтініш-тілегіне жеке-жеке тоқталды. Қабылдау кезінде тұрғындардың әлеуметтік, тұрғын үй, жұмыспен қамту және жер қатынастарына қатысты мәселелері қаралды.
Аудан әкімі жергілікті билік тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен мәлімет беріп, әрбір өтініш заң аясында назарға алынатынын жеткізді.
Мұндай кездесулер халықтың талап-тілегін дер кезінде естіп, шешім қабылдауға мүмкіндік береді және билік пен бұқара арасындағы байланысты нығайта түседі.
Сонымен қатар, Шаян елді мекеніне кіре беріс аумақта 4,8 га жерге қоршау мен су жүйелері тартылып арнайы егілген Тұя, Терек, Үйеңкі және Сәмбі тал көшеттерінің жағдайын бақылап қайтты.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі