Бәйдібек ауданына Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Әбішов Нұралы Әлмаханұлы, облыстық мәслихат депутаттары Мәлікова Гүлшат Мелдеханқызы мен Қапалбаев Ғабиден Заманханұлы арнайы келіп, аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.
Жиынды аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов жүргізіп, тұрғындармен ашық пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды. Кездесуде Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы Гүлшат Мәлікова баяндама жасады.
Тұрғындар тарапынан әлеуметтік мәселелер, инфрақұрылым, жол жөндеу, ауыз су және өзге де өзекті сұрақтар көтерілді. Халықтың ұсыныстары мен өтініштері тыңдалып, тиісті мекеме басшылары тарапынан нақты жауаптар берілді.
Бұл кездесу жергілікті билік пен халық арасындағы байланыс орнату, маңызды мәселелерді талқылау және шешу жолдарын қарастыру мақсатында ұйымдастырылды. Облыстық мәслихат депутаттары тұрғындардың сұрақтарын назарға алып, оларды шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты.
Жиын соңында аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов мен мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов тұрғындарды белсенділік танытып, аудан дамуына үлес қосуға шақырып, көтерілген мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі