БӘЙДІБЕК: АУДАНЫМЫЗДА ТАҒЫ БІР ЕЛДІ МЕКЕН ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

БӘЙДІБЕК: АУДАНЫМЫЗДА ТАҒЫ БІР ЕЛДІ МЕКЕН ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ
 
Алғабас ауылдық округіне қарасты Қазата елді мекенінде табиғи газ беру салтанатты шарасы өткізілді.
Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов бұл маңызды шараны ашып, тұрғындарды қуаныштарымен құттықтады.
 
Аудан басшысы құттықтау барысында: "Бұл жоба - сіздердің үйлеріңізге жылу әкеліп, күнделікті өмірлеріңізді жеңілдетеді. Бүгінгі күн ауыл тарихында ерекше орын алады деп сенемін. Бұл - бірлік пен тынымсыз еңбектің жемісі," табиғи газдың елді мекенге берілуі – мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік саясатының жарқын көрінісі - деп атап өтті.
 
Салтанатты шараға аудан әкімдігі өкілдері, ауыл ақсақалдары, жергілікті тұрғындар және газдандыру жобасына қатысқан мердігер мекеме өкілдері және QazaqGaz Aimaq АҚ Түркістан өңірлік филиалының директоры Ақылбек Абилдиев арнайы қатысып, тұрғындарды құттықтап өтті.
 
Қазата елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мердігер мекеме- «Birlik Stroy1” ЖШС-гі тарапынан, (абонент саны-173, газ құбырының ұзындығы-10,335 шақырым) жүргізілді.
Енді жергілікті халық заманауи энергия көзін пайдаланып, тұрмыс сапасын арттыра алады. Бұл бастама ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор ықпал ететін болады.
 
Жыл соңымен Бәйдібек ата елді мекенінің құрылыс жұмыстарын аяқтап 37 елді мекен (74%) немесе 42 935 халық (89%)) табиғи газбен қамтылатын болады.
9 елді мекенді (Ақтас, Шұқыршақ, Тұрақты, Жұлдыз, Қаратас, Ақжар, Кеңсай, Жарықбас, Алмалы) табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарына жоба әзірленіп, жоғары тұрған бюджеттен қаржыландыруға өтінімдері ұсынылған.
1 елді мекенге (Қошқар ата,) жеткізуші және ішкі газ тораптарының құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалары жергілікті бюджет есебінен әзірленуде.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі