Жоғары оқу орнын бітірген түлектер мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз қабылданады

Жоғары оқу орнын бітірген түлектер мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз қабылданады

Жоғары оқу орнын бітірген түлектер мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз қабылданады

 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік грантпен оқу орындарын үздік аяқтаған түлектер уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес (GPA 3.33-тен жоғары) оқу нәтижесімен оқуын бітіргеннен кейін бір жыл ішінде аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылдана алады.

                Осы орайда, бүгінгі таңда Бәйдібек ауданы бойынша төменгі тұрған бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды ұсынамыз. 

  1. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы E-R-4 санаты;
  2. Аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы E-R-4 санаты;
  3. Боралдай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы E-G-3 санаты;
  4. Көктерек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы E-G-3 санаты;
  5. Алғабас ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы E-G-3 санаты.