БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІНІҢ ШАЯН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІНІҢ ШАЯН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
 
Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмаханов жастар сарайында Шаян ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде аудан басшысы 2023 жылы өткен есепті жиында орталықтағы маңызды көтерілген мәселелердің бүгінгі күнге нақты орындалуы мен арнайы жоспар жасалып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысынан хабардар етті.
- Өздеріңізбен өткен жылдың қараша айында алғаш рет кездескен болатынмын. Сол кезде аудан орталығының маңызды мәселелерін көтердіңіздер. Бірқатар ұсыныстар мен пікірлеріңізді білдіріп, өтініштеріңізді айттыңыздар. Оларды жүзеге асыру бойынша жоспарға енгізіп тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, Сіздер көтерген Шаян ауылындағы 55 га. инфрақұрылымдық аумақтағы 20 коммуналдық тұрғын үй мен учаскелерге газ құбырларының құрылысына облыстық бюджеттен қаралды. Күлтөбе, Айналма жол көшелеріне аудандық бюджеттен қаралған қаржыға ойын алаңшасын орнатылады. Жандарбеков, Нысанов, Нұржанова көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін (2023 жылдан өтпелі) аудандық бюджеттен қаржысы қаралып отыр. Жандарбеков, Нысанов, Сарыпбеков, Мыңбұлақ көшелеріне 4 дана трансформатор мен электр бағаналарын орнатуға аудандық бюджеттен қаралды. Т.Рысқұлов пен М.Әуезов көшелерінің қиылысына Шаян ауылының төлқұжатын жасатуға қаржы қаралды. Сондай-ақ былтырғы жылы аудан орталығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген 11 көше (Әуезов 1-2, Шөкеев, Шәкәрім, Қарашаұлы, Әлжанов, Жандосов, Сарыпбеков, Абай, Болатбеков, Сыпатаев) жолдарындағы орын алған кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша сотқа талап арыз жолданды. Сот шешіміне сәйкес, орын алған ақаулар толық қалпына келтіріледі. Сонымен қатар биылғы жылы аудан орталығындағы 8 көшеге асфальт төсеу, 22 көшеге көше жарықтарын орнату жұмыстары жоспарлануда деді, - аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов.
Жастар сарайында өткен бүгінгі кездесуде шаяндықтар ортақ жайылым, көше жарығын орнату, балалар ойын алаңшасын салу, электр жарығы, әлеуметтік және басқа мәселелер көтерілді. Тұрғындардың көтерген мәселелері бойынша аудан әкімінің орынбасарлары мен тиісті мекеме басшылары және ауыл әкімі жауаптарын берді. Мәселерді шешу уақыт пен қаржыны талап ететінін, бірақ міндетті түрде кезең-кезеңімен орындалатыны айтылып, назарға алынды.
Кездесуден кейін аудан басшысы тұрғындарды өтініші бойынша жеке қабылдады. Қабылдауда тұрғындар кәсіпкерлік, бағаны тұрақтаныру, ортақ жайылым жөнінде ұсыныстар айтылды. Айтылған ұсыныстар назарға алынып, заңдылығы түсіндіріліп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.
Аудан әкімінің Шаян ауылдық округі тұрғындарымен өткен бүгінгі жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Имангелді Түймебаев, бөлім, мекеме басшылары, аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі