БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ АҚБАСТАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ АҚБАСТАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
 
Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов бүгін Ақбастау ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, есеп берді. Сұрақ-жауап форматында өткен кездесуде каналдарды тазалау, балалар ойын алаңшасы, су өткелдеріне көлемі үлкен құбыр қою, әлеуметтік көмек және басқа да мәселелер қозғалды. Қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Округ орталығына қатысты көтерілген мәселелер аралап көріп, тиісті жұмыстар жүргізу жөнінде жауаптыларға тапсырма жүктеді.
Кездесу жиынынан кейін аудан әкімі округ тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қабылдауда тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер назарға алынды.
Есеп беру жиынында өткен жылы қараша айында болған кездесуде көтерілген округтің маңызды мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.
2023 жылы Ақбастау елді мекенінде салынып, пайдалануға берілген Жастар аллеясындағы ақаулықтар бойынша мердігер мекеме тарапынан қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылы "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы аясында Ақбастау елді мекеніндегі 11 көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ауа-райы салдарынан орын алған кемшіліктерге байланысты 4 көшенің жарықтары іске қосылды. Қалған 7 көшенің жарықтарын іске қосу бағытында жұмыстар жүруде. Жолғабас елді мекенінен конкурсқа қойылған 200 га жайылым жер телімін ауылдың ортақ жайылымына қосу мәселесі бойынша тұрғындардың өтініштеріне сәйкес конкурстан алынып, ортақ жайлымға беруге қаулы жобасы дайындалуда. Ақбастау елді мекеніндегі ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстарына республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Кеңес және Жолғабас елді мекеніне балалар ойын алаңшасын салу үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлінді. Тиісті жұмыстар осы жылы жасалады. Ағымдағы жылы Тұрақты (3 дана), Ақбастау (2 дана), Кеңес (1 дана) елді мекендерінде орналасқан трансформаторлардың аумағын қоршау жұмыстары жүргізіледі. Ақбастау елді мекеніндегі Тоқтауыл каналын тазалау (11,7 шқ) және 1 дана шлюз орнату жұмыстарына аудандық бюджеттен қаржысы қаралды. Жұмыстар осы жылы атқарылады. Ақбастау ауылынан инженерлік инфрақұрылым құрылысына жоба әзірлеуге (27 га) және «Домалақ ана» кесенесінің аумағын қоршау жұмыстарына аудандық бюджеттен қаржы қаралды.Сонымен қатар, Тұрақты елді мекеніне газ құрылысына жасалған жобаның мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға қаржысы қаралды. Осы жылы Кеңес елді мекенінің ішкі газ құбырларының құрылысына облыстық бюджеттен қаржысы қаралып, мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Кеңес және Жолғабас елді мекендеріне жеткізуші газ құбырларының құрылысына облыстық бюджеттен қаржысы қаралды. Жұмыстар осы жылы аяқталады.
Аудан әкімінің Ақбастау ауылдық округіндегі өткен есепті жиынына аудандық мәслихаттың төрағасы Имангелді Түймебаев, бөлімдер мен мекеме басшылары, мәслихат депутаттары қатысты.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі