БӘЙДІБЕК: «АУЫЛ ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША БИЫЛ КӨКТЕРЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ 9 КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

БӘЙДІБЕК: «АУЫЛ ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША БИЫЛ КӨКТЕРЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ 9 КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
 
Бүгін аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов Кеңестөбе ауылындағы мәдениет үйінде бекітілген кестеге сәйкес Көктерек ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.
Бірінші кезекте аудан әкімі 2023 жылдың қараша айында өткен кездесуде көтерілген округтің маңызды мәселелерінің орындалуына тоқталды.
- Құрмет көктеректік тұрғындар! Өздеріңізбен өткен жылдың қараша айында жүздескен кезде бірқатар өзекті мәселелерді айттыңыздар. Бұл бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, өздеріңіз көтерген Кеңестөбе елді мекенінде жүргізіліп жатқан газ құрылыстарындағы кемшіліктері бойынша тапсырма беріліп, қалпына келтірілген болатын. Алайда, қазылған жер отыратындығы белгілі. Мердігер мекеме тарапынан барлығы ретке келтіріледі. Аталған елді мекенінен балалар ойын алаңшасын салу үшін аудандық бюджеттен жалпы құны есептеліп қаржы бөлінді. Тиісті жұмыстар осы жылы жасалады. Бірлік елді мекеніндегі Нысанов 3,0 шақырым және Ақтөбе 1,1 шақырым көшелерінің жарығын жүргізуге аудандық бюджеттен 18,5 млн.теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл жұмыстар да биыл атқарылады. Кеңестөбе елді мекеніндегі Қостөбе көшесінің бойындағы тұрғын үйлердің ауласындағы электр бағаналарын сыртқа шығару және тозығы жеткен электр бағаналарын жарамды бағаналарына ауыстырып беру жөнінде ұсыныстарыңыз бойынша «Оңтүстік Жарық» мекемесінің басшысы жаз мезгілінде толық жүзеге асыруды жоспарлап отыр. «Шұғыла» бөбекжай балабақшасының теңгеріміндегі екі қабатты ғимаратты ауыл әкімінің меншігіне өткізу жұмыстары бойынша, тиісті құжаттары Түркістан облысы білім басқармасына ұсынылды. Қазіргі таңда меншікке алу бағытында жұмыстар жалғасуда. "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы аясында Кеңестөбе елді мекеніндегі 9 көшеге атап айтқанда Қостөбе, Қапалбаев, Серперов, Қарсыбай батыр, Бекжігітұлы, Көкбастау, Байдейұлы, Кеңестөбе, Айнабұлаққа қаржы бөлініп отыр. Қазір мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде. Мердігер анықталғаннан кейін осы жылы басталады, деді – аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов.
Есеп беру жиынында Кеңестөбе мен Бірлік ауылдарының ауыз суы, электр жарығы, қоқыс полигоны, мәдениет үйінің жылуы және басқа да бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті бөлім, мекеме басшылары тарапынан жауап беріліп, қаралуды қажет ететін өтініштер аудан әкімі тарапынан хаттамаға енгізіліп, тиістілерге тапсырма жүктелді.
Жиыннан кейін жеке қабылдау өткізген аудан әкімі округ тұрғындарының өтініштерін тыңдады. Тұрғындар тарапынан тұрғын үй, жер бойынша талап-тілектер айтылды. Өтініштер заң шеңберінде қаралып, жауаптары жолданады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі